Альберт Ақбалықов - 2025/26 маусымының үздік ойыншысы

Альберт Ақбалықов - 2025/26 маусымының үздік ойыншысы
Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.
«Ақтөбе» футзал клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының 31 жастағы шабуылшысы Альберт Ақбалықов маусымның үздік ойыншысы деп танылды.
Ол өткен маусымда 58 гол соғып, Қазақстан чемпионатының ең үздік мергендері арасында екінші орын алды, сондай-ақ клубына үш жыл ішінде алғаш рет қола медаль иеленуге және Қазақстан Кубогының финалына шығуға көмектесті. «Қайрат» ойыншысы Эдсон Гомес одан небәрі бір ұпай ғана қалып қойды. Айта кетейік, маусым аяқталған соң екі ойыншы да Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Рикардо Кака жаттықтыратын иркутскінің «ИрАэро» командасына ауысты. Үздік үштікті «Қайрат» ойыншысы Біржан Оразов түйіндеді.
Бұған дейін Дінмұхамбет Сүлейменов пен Дуглас үш рет, ал Александр Бондарев, Какау, Шыңғыс Есенаманов және Дедезиньо екі мәрте үздік ойыншы деп танылған болатын. Рафаэль, Келсон, Жоан, Серік Жаманқұлов, Қайрат Иманалин, Дәурен Тұрсағұлов және Тиаго Кабеса бір-бірден.
Дауыс беру нәтижелері
«Үздік ойыншы»
1. Альберт Ақбалықов («Ақтөбе») – 12 балл;
2. Эдсон Гомес («Қайрат») – 11;
3. Біржан Оразов («Қайрат») – 7;
4. Андерсон Алвес «Дедезиньо» («Семей») – 6;
5. Антон Рындин («Аят») – 3;
6-10. Жахангір Рәшіт («Қайрат») – 1;
6-10. Жулио Занотто («Қайрат») – 1;
6-10. Кайо Руиз («Қайрат») – 1;
6-10. Алиссон Тайлан («Атырау») – 1;
6-10. Жозе Джефферсон («Аят») – 1.