Андерсон Алвес «Дедезиньо» – 2025/26 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені

Андерсон Алвес «Дедезиньо» – 2025/26 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені
Өткен чемпионаттың үздік сұрмергені — «Семей» футзал клубының сапындағы 26 жастағы бразилиялық шабуылшы Андерсон Алвес «Дедезиньо» атанды. Ол 49 ойында 62 гол соғып, қатарынан екінші маусым бойы лиганың үздік мергені атанды. «Ақтөбе» футзал клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Альберт Ақбаликов одан төрт голға аз соқты. Үздік үштікті 45 голдың авторы атанған «Семей» футзал клубының ойыншысы, ресейлік шабуылшы Камиль Герейханов түйіндеді.
Чемпионаттың үздік сұрмергендері
62 – Андерсон Алвес («Семей»)
58 – Ақбалықов («Ақтөбе»)
45 – Герейханов («Семей»)
44 – Кайо Руиз («Қайрат»)
43 – Жеферсон («Аят»)
34 – Көлбаев («Ақтөбе»), Атирсон («Қайрат»)
33 – Угу Невеш («Қайрат»)
32 – Валиуллин («Аят»)