Аслан Галаев - 2025/26 маусымының үздік төрешісі

26.08.2026 09:30
Аслан Галаев - 2025/26 маусымының үздік төрешісі

Аслан Галаев - 2025/26 маусымының үздік төрешісі


Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

Маусымның үздік төрешісі болып қостанайлық 39 жастағы Аслан Галаев танылды. Ол халықаралық дәрежедегі төреші. 2012 жылдан бері Қазақстан чемпионатының матчтарына төрелік етіп келеді. Өткен маусымда ол Чемпиондар лигасы мен Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі, сондай-ақ Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан Кубогының финалдық ойындарында төрелік етті. Ол үшінші рет қатарынан үздік төреші атанды. Екінші орында қызылордалық Сұнғат Қанат, үшінші орында ақтаулық Нұрлыбек Қалимағанбетов.

Бұған дейін Олжас Абраев пен Талғат Қосмұхамбетов бес мәрте үздік төреші болып танылған болатын. Алмас Аббасов – үш рет, Аслан Галаев – екі рет, ал Қайрат Нағышпаев, Андрей Борисов және Валерий Салимов бір реттен.

Дауыс беру нәтижелері

 «Үздік төреші»

 

1.     Аслан Галаев (Қостанай) – 20 балл;

2.     Сұңғат Қанат (Қызылорда) – 13;

3.     Нұрлыбек Қалимағанбетов (Ақтау) – 4;

4. Түрехан Тұрсұмбаев (Астана) – 2;

5-6. Азамат Ахметов (Алматы) – 1;

5-6. Айдын Кобейкулов (Тараз) – 1.