Серік Үнбаев – 2025/26 маусымының үздік бапкері

25.08.2026 09:30
Серік Үнбаев – 2025/26 маусымының үздік бапкері

Серік Үнбаев – 2025/26 маусымының үздік бапкері


Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

34 жастағы қазақстандық маман, «Ақтөбе» футзал клубының бас бапкері Серік Үнбаев жеңімпаз деп танылды. Ол 2025 жылдың сәуірінен бері «Ақтөбе» командасының бас бапкері қызметін атқарып келеді. Өткен маусымда оның жетекшілігімен команда Қазақстан чемпионатында үшінші орын алып, Қазақстан Кубогының финалына шықты. Ол 14 ұпай жинап, осы жүлдеге ие болды. Екінші орынды «Атырау» командасының бас бапкері Жақсылық Байсариев иеленсе, үздік үштікті Густаво Парадеда түйіндеді.

Бұған дейін үздік жаттықтырушылар Какау (5 рет), Әміржан Мұқанов (4 рет), Борис Глушков пен Кака 2 рет, сондай-ақ Ренат Камалетдинов, Жоао Карлос Барбоза, Дави Мендонса және Жақсылық Байсариев бір реттен танылған болатын.

 

Дауыс беру нәтижелері

 «Үздік бапкер»

 

1.     Серік Унбаев («Актобе») – 14 баллов;

2.     Жақсылық Байсариев («Атырау») – 12;

3.     Густаво Парадеда («Кайрат») – 5;

4-5. Василий Смолин («Аят») – 4;

4-5. Биро Жаде («Жетысу») – 4;

6.     Амиржан Муканов («Тулпар») – 2;

7-8. Серджи («Семей») – 1;

7-8. Павел Таку («Караганды») – 1.