Біржан Оразов - 2025/26 маусымының үздік қорғаушысы

Біржан Оразов - 2025/26 маусымының үздік қорғаушысы
Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.
«Қайрат» футзал клубының 31 жастағы ойыншысы Біржан Оразов алғаш рет үздік қорғаушы деп танылды. Біржан алматылық клуб сапында 2017 жылдан бері тоғыз маусым бойы өнер көрсетіп келді. Ол ел чемпионатында сегіз рет, ел кубогында алты рет және ел суперкубогында сегіз рет жеңімпаз атанған. Өткен маусымда ол түрлі ресми турнирлерде 61 ойын өткізіп, 35 гол соқты; олардың қатарында «Қайратқа» кезекті чемпиондық атақты әперген «алтын гол» да бар. Ол жалпы есепте 17 ұпай жинады. Екінші орынды «Атырау» ойыншысы, қорғаушы Алиссон Тайлан Сантос иеленді. Үздік үштіктің қатарын әрқайсысы 3 ұпайдан жинаған Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Әбдірасул Әбдіманапұлы («Семей») және Иван Марахов («Аят») толықтырды.
Бұған дейін Леандерсон және Алиссон Тайлан екі реттен, ал Жива, Шыңғыс Есенаманов, Дінмұхамбет Сүлейменов бір рет үздік қорғаушы деп танылған. Соңғы рет қазақстандық қорғаушы үздік деп 14 жыл бұрын танылды.
Дауыс беру нәтижелері
«Үздік қорғаушы»
1. Біржан Оразов («Қайрат») – 17 балл;
2. Алиссон Тайлан Сантос («Атырау») – 14;
3-5. Қайрат Иманалин («Ақтөбе») – 3;
3-5. Абдірасұл Абдуманапұлы («Семей») – 3;
3-5. Иван Марахов («Аят») – 3;
6. Родригиньо («Семей») – 2;
7-8. Эдсон Гомес («Қайрат») – 1;
7-8. Жахангір Рәшіт («Қайрат») – 1.