Қанат Жеткірбаев - 2025/26 маусымының үздік қақпашысы

Қанат Жеткірбаев - 2025/26 маусымының үздік қақпашысы
Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.
«Ақтөбе» футзал клубының 27 жастағы қақпашысы Қанат Жеткірбаев маусымның үздік қақпашысы деп танылды. Ол 2019 жылдан бері (2022/23 жылғы маусымды қоспағанда) «Ақтөбе» сапында өнер көрсетіп келеді және командамен бірге 2020 жылы күміс, ал өткен маусымда қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ ол — Қазақстан Кубогының екі дүркін финалисі. Өткен маусымда ол «Ақтөбе» сапында 50 ресми ойын өткізіп, бір гол соқты. Жеткірбаев 14 ұпай жинап, «үздік қақпашы» атанды. Екінші орынды «Семей» МФК қақпашысы Джайми иеленсе, үздік үштікті «Тұлпар» ойыншысы Дәулет Затыбеков түйіндеді.
Бұған дейін Игита үш рет, ал Жиронимо, Шамро, Бондарев Джайми және Деннис бір реттен үздік қақпашы деп танылған. Соңғы рет қазақстандық қақпашы үздік деп 14 жыл бұрын танылды.
Дауыс беру нәтижелері
«Үздік қақпашы»
1.Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе») – 14 балл;
2.Джайми («Семей») – 13;
3.Дәулет Затыбеков («Тұлпар») – 8;
4.Талғат Утепбергенов («Атырау») – 4;
5.Артур Галиханов («Аят») – 3;
6.Вандерсон («Қайрат») – 2.